Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен бірлескен «Бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін реттеу» жобасын іске асыру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 22 ақпандағы № 60 бұйрығы
(2014.14.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 қазандағы № 427 бұйрығымен күші жойылды
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭДЫҰ) бірлескен «Бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін реттеу» жобасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) бірлескен «Бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін реттеу» жобасын іске асыру жөніндегі жұмыс тобы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2014.14.07. № 277 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | Б. Жұмағұлов |
ҚР Білім және ғылым министрінің 2014.14.07. № 277 бұйрығымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 22 ақпандағы
№ 60 бұйрығына қосымша
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ)
бірлескен «Бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін реттеу» жобасын іске
асыру жөніндегі жұмыс тобының
құрамы
| № | Т.А.Ә. | Лауазымы |
| 1. | Иманғалиев Есенғазы Нұртөлеуұлы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі, төраға
|
| 2. | Каленова Дана Жамбылқызы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің директоры, төраға орынбасары
|
| 3. | Сейсембаева Арайлым Мырзақанқызы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті Статистика және жинақтық талдау басқармасының бас сарапшысы, хатшы
|